06 Желтоқсан, 2019 NEWS

Қылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Ұлан ауданының прокуроры Ерлан Бұланбаев жұмыс сапарымен ауданның барлық ауылдық округтерін аралап шықты.

Кездесу басында аудан прокуроры қылмысқа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша айтып, кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдады. Олардың көбі мал ұрлығы, алимент төлеу бойынша сот шешімдерінің орындалмауы және жер мәселелерін қозғады.

Іс-шара соңында Ерлан Бұланбаев ауылдардың басым бөлігі тас жолдардың бойында орналасқандықтан, қараусыз мал жол көлік апатына және оңай олжаға айналатындығын айтты. Сонымен қатар прокурор қараусыз жүрген мал иелерін әкімшілік жауапқа тартылатындықтарын ескертіп, округ әкімдеріне және халыққа ұжымдық мал бағуды ұйымдастыруды ұсынды.

Қорытындылай келе, аудан прокуроры ауыл тұрғындарына қадағалау органына сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, өзінің телефон беріп, жаңа технологиялар ғасырында Инстаграм ulan_prokurory парақшасын ашып, кез келген сұрақтарға жауап беруге дайын екендігін айтты.

а

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір