• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:40:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

04 Желтоқсан, 2019 NEWS

Мемлекеттік қуыршақ театры жақсылыққа үндейтін жаңа қойылымға шақырады

Еліміздегі тұңғыш қуыршақ театрының кәсіби деңгейі, елімізде және шет елдерде өткен республикалық, халықаралық театр фестивальдерінде топ жарып жүргендігі де кәсіби мамандар мен көреремендердің назарында. Ересектерге арналған жаңа қойылымдарымен түрлі халықаралық театр фестивальдерінен жүлдегер атанып жүрген ұжым кішкентай көрермендер үшін ұсынатын ертегілер мен қойылымдарды назарынан тыс қалдырған емес. Керісінше, қуыршақ театры атқаруы тиіс өз миссиясын атқаруды естен шығармайды. Атап айтқанда, биылғы маусымда театр өзінің екінші балаларға арналған қойылымын көрермендерге ұсынды. Бүлдіршіндердің көз қуанышы қуыршақ театрының 85-ші маусымының алғашқы премьерасы – «Ауыл иті Ақбай» (авт.: Т.Минуллин, реж.: Е.Қабдыл) қойылымы. Туған жерің мен өскен ортаның қадірін білуге, қанағат етуге үндейтін жарқын әуенді қойылым бүгінде репертуардан тұрақты түрде өз орнын алған.

Екі тілде көрермен сұраныстарын қанағаттандырып отырған театр «ТЕАТР БЕЗ ОТПУСКА» аталып, көрермендері үшін тоқтаусыз жұмыс атқарып жатқалы біраз уақыт болды. Тәжірибелерден тіксінбейтін театр қуыршақ өнерінің көпшілікке беймәлім қырларын ашып, әлемдік деңгейге құлаш ұрғалы бұл өнер саласына қызығатын көрермендер де, жұмыс жасауға ұсыныс білдірген жас артистер мен режиссерлар да бар.

а

Балдырғандардың жан-жақты азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосып келе жатқан республика тарихындағы тұңғыш Қуыршақ театры балаларға арналған екінші қойылымның тұсаукесеріне дайындық үстінде. Басты мақсаты – дәстүрлі ұлттық қуыршақтарымызды жаңғырта түсу. Жаңа қойылымның режиссері, продюссер, Ресей Федерациясы Театр қайраткерлері Одағының мүшесі, Халықаралық «КУКART» театр фестивалінің президенті – Давид Бурман. Театр артистерінің ізденісі мен қуыршақ жүргізудегі кәсіби деңгейлерін арттыратын қойылым ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері алғашқы көрсетілімін көпшілік назарына ұсынады.

Кішкентай көрермендеріміздің сүйікті оқиғасы «Аққұтан мен қарақшы» ертегісінің желісімен «Айко мен Страшко» спектаклі сахналанады. Өзгенің адал еңбегін пайдалану үлкен қателік екендігін, мейірімділік қасиетін жоғалтпауымыз керектігіне үндейтін кішкентай құтан мен егістікті күзететін қарақшының оқиғасы балғын бүлдіршіндерге жағымды әсер сыйлары анық.

Естеріңізге сала кетсек, театр ұжымы ағымдағы жылдың маусым айында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласында өткен «КУКART» Халықаралық театр фестиваліне «Ана жүрегі» (авт.: Е.Ионов, реж.:А.Зайцев) спектаклімен шақырту алып, өнер көрсеткен болатын. Аталмыш өнер бейгесінде екі бірдей номинацияны қанжығасына байлаған ұжымға ерекше ықылас танытып, фестиваль президенті Давид Семенович театрымызға арнайы ат басын бұрды. Жаңашылдыққа жаны құмар қуыршақ театрының репертуарын жаңа қойылыммен толықтыру мәртебесі ие болғанына ерекше ықыласын жеткізді.

Өнер жасаушылар мен оларды насихаттаушыларға шынайы жанашырлықпен қарап, театрдың өркендеуіне барлық қажетті жағдайды ұсынып отырған шығармашылық топ еңбегі, театр басшылығының жаңа көзқараспен жұмыс жасауы қуыршақ театрының сахнасынан әлі талай тың дүниелер мен көрермен көңілінен шығатын қайталанбас қойылымдар көрерімізге дәлел.

Режиссер мен автордың айтулы еңбегін және актерлік ансамбльдің потенциалының жоғарылығын дәлелдейтін жаңа қойылымның қадірлі қонағы болыңыздар.

Бейбіт Әлкеева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір