• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:05:06
Алматы
+35°

Президент Қ.Тоқаев "Немцова. Интервью" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі dw.com сайтының дерегін негізге алып. Сұхбат барысында журналист президентің Назарбаевпен қарым-қатынасы қандай екенін сұрады . 

"Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның негізін қалаушы, біздің "әкеміз" секілді. Елбасы ретінде зор құрметке лайық. Мен заңды түрде сайланған президент, мемлекет басшысы, жоғарғы бас қолбасшымын. Біздің арамызда ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Бір-бірімізбен ақылдаса отырып шешім қабылдайтынымызды, менің елбасыдан кеңес сұрайтынымды жасырмаймын. Бұл жерде қос билік жоқ", - деді Тоқаев. 

Сондай-ақ Тоқаев елорданың атауын өзгертуге қатысты де пікір білдірді. 

"Ол еліміздің негізін қалаушы әкесі. Біз оның еңбегі мен атқарған жұмысына лайық баға беріп, құрмет көрсетуіміз керек. Бұл жерде артық ештеңе жоқ. Назарбаевтың өзі қаланың немесе басқа да обьектілердің атауын өзгертуге қарсы болды", - деп пікір білдірді президент. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір