• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 08:58:00
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

04 Желтоқсан, 2019 NEWS

Тоқаев Германияға ресми сапармен барады

Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады. Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді", - деп жазды Берік Уәли.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір