• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:07:14
Алматы
+35°
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов қызметкерлерінің жалақысы туралы айтып берді, деп жазады Forbes.kz.

Оның сөзінше, қаржы орталығы қызметкерлерінің еңбекақысы "Бәйтерек" холдингіндегі жалақы мөлшерімен шамалас. Сондай-ақ ол орталықта жалақыға үстемақылар берілмейтін айтты.

– Жалақы "Бәйтерек" холдингі деңгейінде. Орташа есеппен басқарушы персонал шамамен 5 мың доллар алады, – деді ол.

Журналистердің қалай ақша табуға болады, қаржыны қайда салған жөн" деген сауалдарына қаржы орталығының басшысы "қаржыны құнды қағаздар биржасына салуға, "Қазмұнайгаз" компаниясындағы IPO-ға дайындалуға, биржадағы жаңалықтарды бақылап отыруға кеңес беремін" деп жауап берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір