• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:31:52
Алматы
+35°

ACS чартерлік қызметінің авиациялық журналистері Қазақстандағы ұшу деректерін саралай келе, борт номері UP-A3001 Airbus A330-243 Prestige ұшағымен бұрынғыдай экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ұшып жүр деген қорытынды жасаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі www.iarex.ru сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 19 наурызында орынтағын Қасым-Жомарт Тоқаевқа босатқан Н.Назарбаев құны 250 млн доллар тұратын бірінші номерлі президенттік бортты да беруі тиіс болатын. Алайда олай болмай шықты. Нәтижесінде Қазақстанда бір уақытта екі президент лайнері қолданылатын қызық жағдай орнады.

Сондай-ақ бұндай борт номері бар әуе кемесі мемлекеттің бірінші тұлғалары мен ресми делегацияны тасымалдаумен айналысатын мемлекеттік «Бүркіт» әуекомпаниясының балансында тұрған жоқ. Лайнер «Қазақстан – Үкімет» әуефлоты құрамынан табылған. Демек, авиациялық онлайн-мониторинг ресурсының дерегіне сай, UP-A3001 борт номерлі лайнер Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігінде қалған.

Ал президент Қ.Тоқаев мүлде басқа – Airbus A321-211(CJ) әуе кемесімен ұшып жүр. Ол президент ретіндегі алғашқы сапарын да осы лайнермен жасаған болатын. Ұшақ «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының балансында.

а

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы

Осылайша заңдық тұрғыда Қазақстанда билік ауысқанымен, іс жүзінде билік бөлінісі ғана жүрген. Бұны республикадағы қазіргі президент пен бұрынғы президенттің әрқайсысында өз бортының болуы айғақтап тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір