• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:49:39
Алматы
+35°

26 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

Мемлекет қазіргі уақытта денсаулық саласына зор көңіл бөліп келеді. Өйткені заман көшінен қалуға болмайды. Өркениет дамыған сайын медицина саласында да оң өзгерістер болып жатыр. Сондықтан ауыл медицинасы өркениеттен көш қалмауы керек. Мамандардың білікті болғаны абзал. Бұл орайда Түркістан облысындағы Сайрам ауданынының денсаулық саласында оң өзгерістер бар. Бір ғана мысал, аталған өңірдегі Сайрам орталық аудандық ауруханасы бүгінде халқы көп шоғырланған өңірге медициналық тұрғыдан қызмет көрсетеді. Атап өтер болсақ, бұл мекемеге Қазақстан денсаулық сақтау саласының үздігі, жоғары дәрежелі ұйымдастырушы, бас дәрігер  Қалдыбай Сәуақасұлы Ыдырысов басшылық етеді. Сайрам орталық аудандық ауруханасының құрамында 431 орындық стационар бөлімшесі, сондай-ақ 3 ПМСП, 6 Ва, 9 ФАП, 6 МП кіретінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар,  оның қарамағында кеңес беретін диагностикалық емхана, тері-венорология қызметі, тубюеркулезге қарсы кабинет, аудан мектептеріндегі медпунктер, шаруашылық бөлімі мен басқа да толып жатқан мекемелер бар.

2018 жылдан бастап, Сайрам орталық аудандық ауруханасының базасында инсульт орталығы ашылды. Орталық барлық мамандармен, қажетті медициналық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Мұнда невропатолог, нейрохирург, кардиолог, рениматолог, ЛФК дәрігері, легопед, психологтар және тағы басқа мамандар сырқат жандарға жан мейірімін төніп, адал қызмет етеді. Қазіргі уақытта сырқат жандар үшін орталық өте тиімді болып отыр. Аталған мекеме ашылғалы бері жүрегінде ақауы бар азаматтардың саны 4,2 пайызға азайды. Инсульт орталығынан соң, 2018 жылдың қазан айында комъпютерлік томография кабинеті ашылды. Бұл қондырғы қазіргі заманғы жаңа буынның жабдығы екенін айта кеткен жөн. Бұл жабдықтың аудан тұрғындарының денсаулығы үшін пайдасы зор. Олар алыс қалаға барып денсаулығын тексертіп,  босқа шаршамайды. Сайрамдағы комъютерлік томографияға келіп, денсаулығындағы кінәратын тексереді. Мұнда қандай қызмет көрсетіледі? Мұнда мидың қыртасын, омыртқаның бүкіл бөілігін, төс клеткаларын, жамбас пен  тізе қимыл-қозғалысын түгелдей тексереді. Ортақ тұжырымдамасын шығарады.  Диагностиканың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, инсульттің ерте басталған кезеңін, ми ісігі мен басқа да органдардың сырқат себебін анықтайды. Мұнда білікті мамандар келушілерге сапалы қызмет көрсетеді.

–Денсаулық – зор байлық. Мұны мемлекет те, халық та барынша түсініп әрі сезініп отыр. Сондықтан да біз тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, аурудың алдын алуға барынша назар аударамыз. Президент пен  Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов ел алдына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Облыстың денсаулық сақтау бөлімінің басшысының тапсырмалары жіті назарымызда. 2018 жылдан бастап Сайрам аудандық орталық ауруханасында пилоттық жоба іске қосылды. Аурухана қызметкерлері  қағазбастылықтан арылды. Осыған байланысты 2019 жылдың қаңтар айынан бері  орталық аурухана тұтастай іс-қағаздарын электрондық нұсқаға көшірді. Қазір біздің дәрігерлер қағаз толтырып, көп уақытын алмайды. Бұл жұмыстың жеңілдеуіне өз әсерін тигізді, – дейді жоғары дәрежелі ұйымдастырушы, іскер басшы  Қалдыбай Сәуақасұлы Ыдырысов.

Расында да ауыл немесе аудан болсын, медициналық жаңалықтардан кеш қалмауы тиіс. Бұл орайда Сайрам ауданының медицина саласында жағымды нәтиже аларлықтай жаңалықтар өте көп. Қазір ауданның медқызметкерлері облыс орталығына, алыс Алматы немесе Нұр-Сұлтан қаласына бармай-ақ ақыл - кеңестерін алуға мүмкіндігі зор. Ауданда телемедициналық орталық жұмыс істейді. Облыстан және республикалық медициналық мекеменің мамандары аудан дәрәігерлеріне кеңес бере алады. Сонымен қатар, жергілікті дәрігерлер он-лайн режимінде оқып, біліктілігін арттыра алады. Мұның медқызметкерлер үшін тиімділігі зор болып отыр. Аудан көлемінде медициналық жаңа ғимараттар бой көтеріп, халыққа қызмет көрсетуде. Атап айтар болсақ, соңғы 5 жылда 2 фельдшерлік- акушерлік пукт, 1 медпункт салынып,  1 аудандық емхананың құрылысы басталу үстінде. Сондай-ақ ауылдарда көптеген медициналық ғимараттар бой көтеріп, жергілікті халыққа қызмет көрсетуде.  

Сайрам аудандық орталық ауруханасында бүгінгі таңда 1290 медициналық қызметкерлер қызмет теуде. Оның ішінде 304 дәрігерлер, 986-сы орта дәрежедегі медициналық қызметерлер бар. Аудандағы ондаған дәрігерлер денсаулық саласындағы медальмен марапатталған, жоғары басшылардан алғыс хат алып, сапалы қызмет көрсетіп жатқандар да ұшан теңіз.

Медицинадағы болып жатқан өзгерістерге сай аудан дәрігерлері жыл сайын білімін толықтырып, біліктілігін артырып отырады. Әрине, аудандағы медициналық жағымды жаңалықтарды бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Бірақ айта кетерлігі,  Сайрам ауданының денсаулық сақтау саласы бүгінгі күнде оң өзгерістерді бастан кешіруде. Өйткені бұл салаға іскер ұйымдастырушы Қалдыбай Сәуақасұлы Ыдырысов басшылық етеді.  Ал медицинаға осындай мықты басшылар өте керек.

Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір