• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:24:39
Алматы
+35°

Бақсаңыз, «тағы да» деп үстеп айтуымыздың да тәп-тәуір себебі бар. Тоғыз жыл қатарынан өткен байқау Талдықорғанда биыл да өз жалғасын тапты. Дәстүрлі түрде. Ұзын саны жиырма номинация бойынша әр саланың алдүзік жасы анықталды. Шара облыстық  жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

о

Жетісу орталығындағы хан сарайындай «Koktem GRAND» кешенінде өткен марапаттау рәсімі де бұл жылы өзгеше реңк алғандай. Атап айтсақ, 3D форматындағы шоу, жастардың қызыл алаңмен келуі, бұрынғы жеңімпаздардың да салтанатты жиынға шақырылуы – бәрі де жиналған жұртты еріксіз әсерге бөледі.

а

Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ арнайы қатысты. Әрі аймақта атқарылып жатқан әрбір істің артында орасан еңбек пен жастарға шексіз қамқорлық жатқанын атап өтті.

Облысымызда 400 мыңнан астам жас бар. Олармен жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында аймақта ауқымды істер атқарылуда. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында 206 студентке облыс әкімінің арнайы грантын тағайындап, оған 174 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, бүгінде "Дипломмен  ауылға" бағдарламасы, "Жастар тәжірибесі" арқылы жас мамандарға зор қолдау көрсетіліп отыр, – деді А. Баталов.

а

Қолдау демекші, осы орайда талапшыл жастарды төбесіне көтерген облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратастан да бір ауыз пікір алғанды жөн көрдік. Ол өңірде талпынып, талаптанған жастың еңбегі  ескерілетінін, тек оған уақыт төреші екенін айта келіп:

"Көшбасшы" өңіріміздегі белсенді жастардың талабын шыңдап, өз саласының, ортасының дара көшбасшысы болып шығуына серпін береді. Жылдан-жылға көшбасшысы атануға ұмтылған жастардың қатары артып келеді. Биыл оныншы рет өткізіліп отырған байқауға 200-ден астам өтінім келіп түсті, – дейді басқарма басшысы.

Ең кереметі де сол – биылғы талант пен талап бәйгесінде тұңғыш рет «Үздік жас әдебиетші» аталымы қосылған.  Нәтижесінде, белгілі «Мизам» әдеби бірлестігі ақылдастар алқасының мүшесі, түрлі республикалық мүшайраларда топ жарған жас ақын Мұхтар Күміспек өз саласының көшбасшысы атанды.

а

Осы күнге дейін аймақта әдебиет көшбасшысының жоқтығы шығармашыл жастардың көңіліне көлеңке түсіріп келген-ді. Биыл бұл номинация қосылғанда бөркімізді аспанға аттық. Бұл бәйге жетісулық шығармашыл жастардың еңбегіне берілген баға есебінде ыстық. Бір жағынан аймақтағы әдебиеттің  деңгейін көтерсе, екіншіден жас толқынға үлкен мотивация, – дейді Мұхтар Күмісбек.

Мотивацияны айтпақшы, марапаттау сәтінде әр жеңімпазға 250 мың теңгенің ақшалай сертификаты және «Көшбасшы» мүсіншесі табысталды.

Жүлдегерлер:

«Үздік жас әдебиетші» – Мұхтар Күмісбек,

«Үздік жас журналист» – Мәулен Әнербай,

 «Үздік жас мемлекеттік қызметші» – Владимир Чепель,

«Үздік жас спортшы» – Баян Ақбаева,

«Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» – Әсем Қалибек,

«Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» – Айбек Ілебаев, «Ауылшаруашылығының үздік маманы» – Ержан Бекмырза,

«Үздік студент» –  Еркежан Есімжанқызы,

«Үздік жас әскери қызметкер» – Бауыржан Алибаев,

«Жас ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» – Ерсұлтан Тохтажынов,

 «Үздік жас ғалым» – Өмірұзақ Қалдарбекұлы,

«Үздік жас отбасы» – Абишовтар отбасы,

«Үздік жас кәсіпкер» – Әдемі Есеншораева,

«Үздік жас батыр» – Алмас Рыйзабеков,

 «Үздік ерікті» – Жазель Дакубаева,

«Үздік жас талант» – Асхат Мадиев,

«Үздік жас дәрігер» – Дархан Нұрмадиев,

«Үздік жас ұстаз» – Назгүл Жайлаубаева,

«Жасыл ел жасағының үздік сарбазы» – Зере Тұрғанбаева,

«Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» – Бақтияр Бақыткелдіұлы деп танылды.

Қозыбай ҚҰРМАН.

Алматы облысы.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір