• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:57:04
Алматы
+35°

Бірнеше жылға созылған түйткілді мәселе қала әкімі Б. Сағынтаевтың араласуынан кейін шешілді. Бұзылатын учаскелердің иелері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде көмек сұрап, өтініш білдірген еді.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айрығы республикалық бюджет есебінен салынып жатыр. Қала әкімі Б. Сағынтаев биылғы жылдың 29 қазанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте жол айрықтарын салу үшін алынатын учаскелерге өтемақы төлеу мәселесін көтерген еді.

Бүгін қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетовтың айтуынша, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жолайрығын салу үшін ондағы жерді сатып алу мәселесі 2017 жылдан бері шешілмей келген. Қараша айында республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлініп, 117 учаскенің иелеріне өтемақы төлеу процесі басталды. Бүгінде олардың барлығы тиісті сомасын алды.

– Осы күнге дейін тұрғындардың жағдайы белгісіз боп келді. Олар бұл жерді не сата алмайды, не кете алмайды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың арқасында мәселе оң шешімін тапты. Бүгін бұзылатын үйлердің иелерімен көшудің қалай жүргізілетінін талқыладық, – деді Алматы Жер қатынастары басқармасының басшысы А.Самамбетов.

Жылыту маусымы мен алдағы мерекелерге байланысты тұрғындарға келесі жылдың басында көшуге рұқсат берілді.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айрығының құрылысы осы учаскедегі көлік жүктемесін төмендету мақсатында жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір