• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:40:21
+35°

Қызылорда облысындағы ірі жол апатынан қаза тапқандардың саны артты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аударылған автобустан тағы 2 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті мен ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, жол апатынан 22 адам зардап шеккен. Құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция оқиға орнында өз жұмысын жалғастыруда.

Кейін ІІМ баспасөз қызметі тағы бір жолаушының қайтыс болғанын хабарлады. Нәтижесінде қаза тапқандар саны жетіге жетті.

Сағат 9.50-де 8 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.  22 зардап шегушінің бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Құтқарушылар адамдарды кабинадан шығаруды жалғастыруда. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір