• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 08:07:32
Алматы
+35°

Қызылорда облысында 35 адам мінген автобус аударылып, жеті адам көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Оқиға таңғы сағат 05:25-те болған. 

"Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнында алты адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды, зардап шеккен 28 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп атап өтті Нұрахметов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір