• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:48:58
Алматы
+35°

Жыл соңына дейін коммерциялық құрылымдармен сатып алынған 202 автобус және қала әкімдігінің бюджеті есебінен сатып алынған газбен жүретін 230 автобус жолға шығады. Бүкіл троллейбус желісін жаңғырту жұмыстары басталды. Мұндағы басты бағыт – экологиялық таза көлік түріне көшу. Жақында мегаполиске электробустар да жеткізілді.

Қалалық жұмылдыру басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділовтің айтуынша, тұрақты қалалық жолаушылар тасымалын 14 автопарк жүзеге асырады. Оның 13-і жекеменшік және біреуі коммуналдық.

226 бағыт ұйымдастырылды, соның ішінде: қалалық – 120 (112 автобус, 8 троллейбус); қалааралық – 45; қала маңындағы – 61. Сонымен қатар, қаладағы автобустар күн сайын 1 млн 250 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Маршруттық желіні одан әрі кеңейту үшін жаңа №33, 113, 204, 206, 208 маршруттарын ашу жоспарланған. Бұлар қала ішінде де, қала маңындағы әртүрлі елді-мекендерден де жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін болады.

Соңғы бес жылдың ішінде газ/дизельде 1331 жаңа автобус сатып алынды. Биылғы жылы тағы 450 автобус сатып алу жоспарда бар. Қазір соның 222-сі жеткізілді. Қала маңындағы қоғамдық көлікті дамыту үшін бес бағыт бойынша қала маңындағы тұрақты маршруттар ұйымдастырылды.

Қалада автобус және троллейбус маршруттарынан басқа метро жұмыс істейді. Жыл сайын Алматы метрополитені 14 млн-нан астам адамды тасымалдайды. «Сарыарқа» және «Достық» стансаларын қосу арқылы Абай даңғылы бойындағы Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін ұзындығы 3,1 шақырым болатын желілерде метрополитенді кеңейту жалғасуда. Болжамды жолаушылар ағыны тәулігіне 86 мың адамды құрайды. Құрылыс жұмысының аяқталу мерзімі – 2021 жыл. Сондай-ақ «Қалқаман» және «Батыс автовокзалы» екі метро стансасы жоба үстінде тұр.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір