• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:15:10
+35°

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ғимаратында Мұрын жырау Сеңгірбекұлының туғанына 160 жыл толуына арналған «Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталмыш конференциясы осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Шараның шымылдығын Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов құттықтау сөзінде: «Маңғыстаудың Гомері»! Мұндай жоғары бағаға Мұрын Сеңгірбекұлы көзінің тірісінде ие болған. Маңғыстау өңірі Мұрын жыраудың 130, 140 жылдығын атап өтті. 160 жылдығы қарсаңында Форт-Шевченко қаласында Мұрын жыраудың зергерлік шеберханасы қалпына келтіріліп, «Мұрын жырау атындағы музей» болып ашылды. Ұлы мұраның жай-күйі талайға тыныштық таптырмай келгені рас. Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында Мұрын жыраудың туғанына 150 жыл толуына арналған «Жыраулық дәстүр жауһарлары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы негізінде жырау туралы бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Біртуар тұлғаның өмірі мен өнері әлі де болса жан-жақты зерттеуді, насихаттауды қажет етеді. Ұлы жыраудың 160 жылдығына орай ұйымдастырылған бүгінгі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – адамзат тарихында сирек кездесетін ерекше дарын иесі Мұрын Сеңгірбекұлын және аталмыш жырдың қазақ мәдениеті тарихында алатын орнын одан әрі аша түсу, жыр бойындағы ұлттық құндылықтарды келер ұрпаққа насихаттау болып табылады», — дей келе, Форт-Шевченко қаласындағы Мұрын жырау музейі бүгінгі таңда қайта жаңғырып, тың мазмұнмен толықтырылып, республикалық деңгейге көтеру бағытындағы жұмыстардың атқарылып жатқандығын, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында музейдің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталатындығын жеткізді. 1111

Пленарлық отырыс пен секциялық мәжілістерден тұратын конференцияға қазақ ғылымындағы танымал профессорлар мен ғылым докторларынан бөлек, көршілес шетел ғалымдары қатынасты. Татарстан Республикасының Ғылым академиясы Г. Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының доценті, филология ғылымдарының докторы, «Халықтық өнер» бөлімінің бас ғылыми қызметкері Мұхаметзянова Лилия Хатиповна «Ноғай эпосы мен ноғай жыраулары шығармашылығының татарлардың халықтық дәстүрлеріне әсері» тақырыбында, М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті «Башқұрт әдебиеті және мәдениеті» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Баязитова Розалия Рафкатовна «Башқұрт эпосы «Идукай және Мурадым» этно-тарихи қайнар көз ретінде» тақырыбында, Қарашай-Черкес гуманитарлық зерттеулер институты ноғай бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Суюнова Насипхан Хусиновна «Ноғайлардың батырлық эпосындағы «Едіге» поэмасы» тақырыбында баяндама жасады. 1111

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір