• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:56:05
Алматы
+35°

22 Қараша, 2019 Маңғыстау облысы

Өзбекстан Республикасының Хорезм облысында Маңғыстау облысының мәдени күндері өтті

Ағымдағы жылдың 18-23 қараша күндері Өзбекстан Республикасының Хорезм облысында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Маңғыстау облысының мәдени күндері өтті.

Шараның мақсаты ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан байланысты одан әрі нығайту және бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты, бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдету.
20 қараша күні Маңғыстаулық өнерпаздар Хиуа қаласына барды. Хиуа қаласындағы Бекет ата Мырзағұлұлы оқыған медресені, бірнеше тарихи орындарды аралады.

21 қараша күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының бір топ әртістері Үргеніш қаласындағы колледж және мектеп оқушыларына вокал, домбыра-тенор, хореография өнерінен мастер кластар өткізді.

Мәдени шаралар аясында Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы дала мұралары» фотокөрмесін ұсынды. Көрмеде Қазақстанның таңғажайып табиғаты және көрнекі жерлері бейнеленген.

Көрмеге барлығы 32 фотожұмыс қойылды, суреттерде Маңғыстаудың табиғи ландшафттары, Қазақстан табиғатының керемет көріністері және Отанымыздың жүрегі – Елбасның бірегей идеясының жемісі – Астана қаласының көріністері көрсетілді.

Сонымен қатар, «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Руханижаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» аясында «Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай» көрмесін ұсынды. Көрмеде Қазақстанда теңдесі жоқ, өңіріміздің бірегей, әрі бай археологиясы, шөл далада орналасқан касиетті нысандары мен діни-сәулет ескерткіштері, «Ұлы даланың жеті қыры» атанған қазақ халқына тән «Атқа міну» мәдениеті бейнеленген.

Көрме 3 стендтен тұрады:
1. Ұлы даланың жеті қыры.
2. Діни-сәулет ескерткіштері.
3. Археология ескерткіштері.

Көрме соңы «Біз шырқаймыз достық әнін!» атты Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің концертіне ұласты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір