• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:38:50
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты. 

"Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік жиналысының құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады", - деп  жазды Айдос Үкібай. 

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін келген болатын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысымен бетпе-бет кездесті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір