• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:47:25
Алматы
+35°

Тағылымды туған жерге тағзым етіп түлету – перзенттік парызымыз. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған "Туған жер" жобасы ұлттың бірегейлік темірқазығы саналатын патриоттық тәрбиенің негізгі өзегі болмақ.

Осы сегіз айдың ішінде жастарда ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын «Туған жер» жобасын сәтті жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар мен бірнеше жобалар қолға алынды. Жүрегі елім деп соққан әр азамат туған жеріне өзінше үлес қосты. Туған жерге деген ерекше құрметтің бір көрінісі туған жердің көсегесін көгертуге атсалысудан байқалады. Атамекенді қастерлеп сүюге, туған жер қадірін арттыруға, заманауи озық өркениет үлгілерін дамытуға деген шамшырақ ұранның күштілігі осында.

Атқарылған жұмыстардың жемісі - нәтижеден көрінеді. Осы орайда жастар арасында бірнеше іс-шаралар болып өтті. Республикалық «Туған жер» патриоттық шығармашылығы ұйымдастырылды. «Үздік мақала», «Үздік поэзия», «Үздік бейнелеу өнері», «Үздік өнертабыс», «Үздік бейнеролик», «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы» номинациялары бойынша республикалық байқау жарияланған еді. Өз отанының, өз жерінің, елінің даңқын көтерген, жастар шығармашылығының әртүрлі бағытында таланттары анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы арқылы өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным» атты поэзиялық байқауы ұйымдастырылды. Поэзиялық байқау Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарындағы өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында өтті. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) білікті жас мамандарды және өз ауылының көркеюіне үлес қосып жатқан кәсіпкерлерді БАҚ арқылы насихаттау жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралардың соңында «Туған жерге туыңды тік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел арқылы халыққа жобаның қорытынды нәтижелерімен таныстырды. Патриот жастар көбейсін десек дәл осындай ауқымды жобалар керек-ақ. Жастар санасына серпіліс беретін мұндай жобалардың маңызы зор.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір