• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 10:52:31
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қараша, 2019 NEWS

Бақытжан Сағынтаев: Бүкіл проблема сол тиінге тірелсе, оған мен қуанамын

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тиін мүсінінің тағдыры желтоқсан айында шешілетінін айтты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. Бұл туралы ол елордада Орталық коммуникациялар брифингінде журналистердің сұрағына жауабында айтты.

– Жұртқа Алматыдағы тиін мәселесі бәрінен де қызық. Басқа тірліктің бәрі, басқа жұмыстың бәрі орнында, жұрттың көңіл-күйі орнында, жұмыстың бәрі шешілген болып, бүкіл проблема сол тиінге тіреліп тұрса, оған мен қуанамын, – деді әкім.

Сағынтаевтың айтуынша, тиін мүсіні – жеке жоба. 

"Өздеріңіз білесіздер, ол саманнан жасалған. Бүгінде тозығы жеткендіктен үстін жауып қойды. Сол жеке жобаның жетекшілері басқармаға шығып, өз ұсыныстарын, қалай жандандырудың жолдарымен айналысып жатыр. Егер осы желтоқсанда жобалар ұсынылып, тұрғындармен келісілетін болса, онда бізде қарсылық жоқ", – деді Алматы әкімі.

Еске салсақ, бұл арт-нысан 2018 жылдың жазында "Атакентте" орналастырылған еді. Бастапқыда оның бағасы 23 миллион теңге болған. Авторы ұлыбританиялық суретші, мүсінші, плейсмейкер Алекс Ринслер. Алайда кейін оның тозығы жеткені айтылып, түрлі ұсыныс айтыла бастады. Оның реконструкциясына авторлар краудфандинг арқылы 10 миллион теңге жинағысы келген. Кейін оны алып тастау туралы ұсыныс айтылған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір