• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 18:50:58
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда 13 мың орынға арналған жаңа мектептер ашылады

ОКҚ-дағы брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 29 қазандағы жұмыс сапары кезінде мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы проблемаларын шешу жөнінде берген тапсырмасының қалай жүзеге асатыны туралы айтты.

Бүгінгі күні Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңды құрайды. Балабақшаларда орын тапшылығы – 20 мыңнан астам.

«Бұл проблемаларды шешу үшін мемлекеттік-жеке әріптестік қағидасы бойынша мектептер салу бағдарламасы әзірленді. Таяу арадағы екі жыл ішінде шамамен 13 мың орынды сегіз мектеп салынатын болады», – деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуы бойынша, 2020 жылдың басында 790 орынды бес балабақша пайдалануға беріледі, жаңа оқу жылында 1800 орынды екі мектеп және бұрыннан бар мектептердің жанынан 2017 орынды бес қосалқы нысан іске қосылады.

Бұдан өзге, бұл іске мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жолымен жеке бизнес тартылуда. 2020-2022 жылдары жеке инвестициялық есебінен 2240 орынды төрт мектепті, 8000 орынды 300 балабақшаны ашу жоспарлануда.

«Осылайша аталған шаралар екі ауысымда білім алатын мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға қысқартады, сонымен қатар, балабақша кезегін 10 мың орынға азайтады», – деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір