• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:41:56
Алматы
+35°

Бұл туралы Алматы қаласының биылғы жылдың 10 айындағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындыларына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың өмір сүру сапасын арттырудағы бірінші кезектегі мәселе ретінде қалалық инфрақұрылымды модернизациялауды қолға алғанын айтты.

Оңтүстік астананың 23 ықшамаудандарындағы 105 мың тұрғын 2023 жылы ауыз сумен 100% қамтамасыз етілмек. Бүгінде су құбылары мен кәріз желілерін тарту жұмыстары басталды.

а

Көше жарығы – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей және жанама ықпал ететін факторлардың бірі.

– Біз қала бюджетін бұрын еш жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға бағыттадық. Қазіргі кезде осындай 208 көшенің сыртқы жарығының құрылысы аяқталды, – деді Бакытжан Сағынтаев.

Келер жылы 1176 көшенің жарығы реттелмек. Осылайша, сыртқы жарық деңгейі 100%-ға дейін жетеді.

Айта кетерлігі, Алматының абаттандырылған аулаларының үлесі – 55%. Жыл басынан бері 672 аулалар абаттандырылды. 2020 жылдан «Менің аулам» ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынады. Аулаларды толық абаттандыру таяудағы екі жыл ішінде аяқталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір