• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:09:17
Алматы
+35°

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында болған брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.

- «Экономикалық белсенді тұрғындар саны 27882 адам, аудан халқының 26687-і жұмыспен қамтылған, 1195-і жұмыссыз. Жыл басынан бері  ауданға  299 адамы  бар  63  отбасы  көшіп  келді. Олардың 34-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 27-і  ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды», - деді аудан әкімі.

Барлық көздерді қоса есептегенде әлеуметтік қорғау ісіне 4,9 млрд. теңге жұмсалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  812 млн. теңгеге немесе 24,7% көп. Бұл қаржының 4,5 млрд. теңгесі республикалық бюджет есебінен,  402 млн. теңгесі аудандық бюджеттен  берілген.

- «Жаңадан  2715  жұмыс  орны  ашылды, оның 69,4% немесе 1885-і тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен  қамту  ұйымдары  арқылы  1048  адам  тұрақты  жұмысқа  орналастырылды. Әлеуметтік  қолдауды  қажет  ететін  отбасының  934  баласы   тегін  тамақтандырылады», - деді әкім.

Білім беру саласына 7,4 млрд.теңге бөлінген.  Бір оқушыға шаққанда  414 мың теңгеден. 3-6  жас  аралығындағы  балаларды мектепалды дайындықпен  қамту  көрсеткіші  98,1%  жеткен. Опорный орта мектебінде  мүмкіндігі шектеулі балаларға құны 2 475 мың теңге құрайтын сенсорлық кабинет жабдықталған.

 

ӨНДІРІС, КӘСІПКЕРЛІК, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ  ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР

 

         Биылғы жылы 390,7  мың  тонна  мұнай мен  910,4 млн. текше  метр  газ  өндірілген.   Өткен   жылдың   осы   кезеңімен   салыстырғанда  мұнай 2,5  мың  тоннаға (99,3%),  газ 77,2 млн. текше  метрге (92,1%)  кеміп   отыр.

- «Астық  терминалы  Өзбекстанға 272 тонна ұн  экспорттап,  4664  тонна  ұн, 2057 тонна жем өндірді. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айына өнеркәсіп  өнімінің  көлемі 51,8 млрд. теңгеге, негізгі  капиталға  салынған инвестиция 22,9 млрд. теңгеге жетті.  Өнеркәсіптік өндірістің индексі 89,0% болса, инвестиция  көлемі                        100,6% құрады», - деді аудан әкімі Б.Әбілов.

 «Шағырлы-Шөмішті»  кен  орнында  651,2 млн. текше  метр  газ  өндірілген.  Бұл  ауданда  өндірілген  газдың  79,7  құрайды.  Қазір  онда  247 адам  еңбек  етеді,  оның  46,5%  немесе  115-і  аудан  тұрғындары.  

Ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес 2019 жылдың қаңтар-мамырында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 3769,0 млн.теңгені (83,3%) 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауданың нақты көлем индексі 9873,1 млн.теңгені құрады (105,5%).

         «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы - жыл басынан 60,7 млн.теңге көлемінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде: 49,4 млн.теңгеге 2 жоба субсидияланды (10 жұмыс орны) 11,3 млн.теңгеге 2 жоба кепілдендірілді (11 жұмыс орны). Аталған бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларға «IT мектеп» ашуға  1,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.

«Нұр Капитал» бағдарламасы - барлығы 11 кәсіпкер 137,3 млн. теңге көлемінде несие алды. 60 жұмыс орны құрылады. (2018 жылы 5 несие, 73,0 млн.тг, 25 жұмыс орны. 2019 жылы 6 несие, 64,3 млн.тг, 35 жұмыс орны).

Шағын несиелендіру бойынша барлығы 74 несие, 343,1 млн.теңге, 82 жаңа жұмыс орны  ашылған. Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан,  құны 19,8 млрд. теңге болатын «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының 80 км асфальттанып, құрылысқа 353 техника мен 659 адам жұмылдырылды.  Жергілікті бюджет есебінен Бейнеу ауылында 10 көшеге 441,9 млн теңгеге ауылішілік газ құбырын  тарту жұмыстары басталды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір