• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 17:29:48
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қараша, 2019 Маңғыстау облысы

Жаңаөзен клиникаларында оң өзгерістер көп

«Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты мекемелерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді.

           Мұнайшылармен өткен кездесуге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов пен №1,2,3 Жаңаөзен қалалық емханалардыңбасшылары, «Нейрон», «Жалымбетов» жеке меншік клиникаларының өкілдері белсенді қатысып, пациенттермен жүргізілетін басты жұмыстар мен олардың мүмкіндіктері туралы мәселеге  тоқталып өтті.

             13-ші қараша күні бастау алған мұнайшылармен ең алғашқы кездесуде жалпы денсаулық саласына 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (одан әрі - МӘМС) жүйесінің іске қосылатыны туралы ақпарат берілді.  111

            МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен пациенттердің құқықтары мен мүмкіншіліктері туралы жан - жақты түсінік берген Бақыт Исмаханбетов тұрғындарды толғандыратын ең басты мәселелерді айта келе, мемлекет тарапынан атқарылатын қолдаулар мен мүмкіншіліктерге тоқталып өтті.

             Аталмыш кездесу кезінде мұнайшылар тарапынан МӘМС жүйесі бойынша сұрақтар қойылып, ой - пікірлер айтылды.

              «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты  өндіріс басқармаларындағы жұмысшылар мен әкімшілік өкілдері осы жаңадан енгізілгелі жатырған жүйеге қолдау көрсете отырса да, бүгінгі көрсетіліп жатырған медициналық қызметтің сапасына көңілдері толмайтындарын тілге тиек етті. Соның  ішінде дәрі дәрмектің жетіспеушілігі, дәрігерлердің паиенттермен жұмыс жасауы әлі де болса бақылауды қажет етіп отыр деген пікірлерін жеткізді. 1111

              Мемлекет тарапынан сақтандырылған азаматтар кімдер және мәртебесі анықталмағандар қалай сақтандырылады деген сұрақтарға да тұшымды жауаптарды Бақыт Исмаханбетовпен бірге кездесуге келген №1 Жаңаөзен қалалық емхананың басшысы Мәншүк Мұратова да нақты ақпарат берді.

             Мұнайшыларға емханаға тіркелу мәселесі де түсіндірілді. Мәншүк Мырзағалиқызының айтуынша, тұрғын өзі тұратын әкімшілік территориялық аймақ шеңберінде  қызмет ететін клиниканың бірін таңдай алады.Таңдаған емхананың үйге жақын маңда, жаяу жүргенде 15-20 минуттық жерде болғаны дұрыс. Бұл үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндіктері бар екені маңызды.

          Сонмен қатар, бүгінде МӘМС жүйесінің енгізілуімен бірге денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемінің ұлғаюы да күтілуде. Осыған байланысты, өлкемізде  денсаулық саласына инвестиция тарту жұмыстары да қолға алынуда. Айта кететін жайт, биыл Жаңаөзен қаласында «Нейрон-Өзен» медициналық клиникасы ашылып, тұрғындарды қабылдау басталып кетті. Сонымен бірге Жаңаөзен көпбейінді ауруханасы жанынан жеке кәсіпкердің қаржысына ангеограф аппараты алынып, қымбат тұратын медициналық қызметті халыққа тегін  көрсету  үшін  жағдай жасалуда.  Бұл аппарат жүрек, ми, ішкі орган қан тамырларын тексеріп, диагноз анықтап, жүрекке стэнд қоюға, жүрек тамырларын қалпына келтіру операцияларына жолдама беруге мүмкіндік береді. Осы оң өзгерістер арқылы Жаңаөзен қаласының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейі артады деген үміттеміз. 1111

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір