• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:29:45
Алматы
+35°

27 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

–«Ресейдегі  елшіміз Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке ризашылығымды білдіремін. Жазушы үшін шығармашылықтың бағалануынан асқан қуаныш жоқ шығар». Бұл туралы жазушы –драматург Roza Mukanova өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті.

Ал Тасмағамбетовты таңқалдырған не? Ең алдымен ақын Фаризаға деген құрмет болса, екіншіден ақын болмысын қаз қалпында боямасыз суреттеген жазушы Роза Мұқановаға айтылған ризашылық сезім болса керек..

«Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан, адалдығы мен ақындығы тең түсетін, қайсар да қайталанбас талант  иесі – Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы Сіз жазған пьеса Ресей астанасының талғампаз көрермендеріне ерекше әсер қалдырып, ең жоғары бағасын алды», –делінген елші жазған хатта.

Фариза

Осыдан бірер ай бұрын - драматург  Роза Мұқанованың «Фариза» спектаклі Иманғали Тасмағамбетовтың бастамасымен Мәскеудің «Современник» театрында көрермендерге ұсынылғаны белгілі.

Ескерте кетейік, сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында, «Фариза» спектаклі зор табыспен өткендігін айта кетейік.

Қойылым идеясының авторы – Айнұр Көпбасарова.  

Фаризаның рөлін сомдаған актриса – Назгүл Қарабалина

Музыкасын жазған – Ринат Гайсин.

Спектаклді қойған  жас режиссер – Фархат Молдағали.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір