• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:24:42
Алматы
+35°

Штабтың мақсаты – халықпен сындарлы диалог құру, кең ақпарат тарату арқылы адалдық қағидаттарын дамыту. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Штаб тұрғындардың әртүрлі топтары үшін түрлі тәсілдерді қолдана отырып, ақпараттық-насихаттау жиналыстарын өткізеді. Штаб өкілдері – режиссер Ермек Тұрсынов, қоғам қайраткері Ырза Тұрсынзада және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Арман Бердалин қаланың бірқатар жоғары оқу орындарында болып, Алматы қаласы әкімдігі мен полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар штаб өкілдері аймақтық ақпараттық штаб мүшелерімен жүздесті.

– Жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ мемлекет құрудағы азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді, – деді кездесу барысында штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір