• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:07:26
Алматы
+35°

Almaty Invest Forum қорытындысы бойынша құны 2,3 млрд АҚШ доллары болатын 31 келісімшартқа қол қойылды, деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқов.

– Бұл бізге халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Яғни, осы көрсетілетін қызметтерді экспортқа шығаруға болады. Бүгінгі жиынның нәтижесінде Алматының инвестициялық әлеуеті өте жоғары екендігін байқадық. Форум барысында бизнес қауымдастық пен әкімдік арасында құны 2,3 млрд АҚШ доллары болатын 31 құжатқа қол қойылды. Осындай ауқымды жобалардың бірі – әуежайды қайта жаңғырту болып отыр. Алматы әуежайын қайта жаңғыртуға әлемдегі ең ірі 6 компанияның бірі қызығушылық танытты. Алғашқы 2 жылда жаңа терминалды салуға – 150 млн еуро, 5 жылда 500 млн еуро инвестицияланады. Қала билігі инвестормен біріге отырып Алматыны туристік хабқа айналдыруды көздеп отыр. Біз осы жобаны ұзақ күттік. Жақында 2 жылда құрылыс жұмыстары басталады, – деді Сапарбек Тұяқов.

а

аа

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір