• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:02:20
Алматы
+35°

Almaty Investment Forum 2019 барысында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев мегаполистің басты өсу тетіктері инвестициялар үшін, инвесторлар шешімдері үшін бағыт-бағдар береді деп атап өтті.

ром

– Алматының табысты болуына барлық қажетті алғышарттары бар, атап айтқанда тұрғындардың жоғары білім деңгейі, озық кәсіпкерлік, күшті креативті класс. Жұмыс істейтін тұрғындардың 70%-ға жуығы жоғары білімді. Мегаполисте 39 жоғары оқу орны бар. Жұмыспен қамтылғандардың үштен екісі (2/3) шағын және орта кәсіпкерлікте. Ол қазынаға салықтың 63%-ын әкеледі. Инвесторлар үшін жаңа қолдау құралдары салынды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы базасында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Almaty Invest орталығы ашылды. «Инфрақұрылымға адамдар» қағидаты бойынша инвесторларға дайын көліктік және инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелері беріледі. Арнайы экономикалық аймақта –  инновациялық бизнес үшін ерекше жеңілдік шарттары бар. Инновациялық кәсіпкерлер жер, мүліктік, әлеуметтік салықтардан, корпоративтік табыс салығынан босатылған.

Құрметті инвесторлар! Алматы – Сіздің инвестициялар үшін үздік таңдау. Біз «Алматы-2050» Стратегиясының жетістігіне сенеміз. Сіздің табысты болуыңызға сенеміз. Бізге қосылыңыз!, –  деп сөзін түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір