• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:50:06
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

27 Қараша, 2019 NEWS

Құрылымдық маневрдің түпкі мақсаты – экспорттық өндірісті дамыту

Қалалық инфрақұрылымды жаңарту алдағы 5 жылда инвестиция үшін жаңа алаңдар ашады, деп айтты Бақытжан Сағынтаев Almaty Investment Forum-да сөйлеген сөзінде.

– «Жаңа Алматы» жоспары бойынша 834,5 млрд теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған салымдардың салынатыны болжанып отыр. Ағымдағы бағам бойынша бұл 2 млрд 155 млн долларды құрайды. Біз Сіздерді бизнес серіктестік пен ынтымақтастыққа шақырамыз. «Жаңа Алматы» мен агломерацияны дамыту жоспарлары қалалық экономика үшін маңызды драйверлер деп санаймын. Осы артықшылықтардың барлығы бізге кейінге қалдырмай, қаламызды күшті, серпінді өсіп келе жатқан, бәсекеге қабілетті ете түсу үшін қала экономикасында құрылымдық маневрді бастауға мүмкіндік береді, – деген шаһар басшысы мұндай құрылымдық маневрдің мәнін түсіндірді.

– Бүгінгі күні, қала экономикасында жетекші сала көтерме және бөлшек сауда – шамамен 32%; одан кейін қаржылық және жылжымайтын мүлікпен жасалатын іс-шаралар. Өнеркәсіп, құрылыс, әлеуметтік экономика және жаңа индустрияның үлесі шамалы. Бұл ретте, көбінесе дәстүрлі және архаикалық сауданың ролі басым. Электронды коммерцияның жалпы үлесі 3-5%-дан аспайды. Мұндай жағдай қаланың қарқынды дамуын едәуір тежейді. Бұл қаланың экономикалық жүйесінің әлсіз тұстары болмақ. Сондықтан, біз жаңа технологиялық тауарлар мен қызметтерді дамыту үшін құрылымдық реформаларды жүргізуді қолға аламыз. Құрылымдық маневрдің түпкі мақсаты – экспорттық өндірісті дамыту. Алматы өндірушілерінің әлемдік жоғары технологиялық экономикадағы үлесін арттырып, қатысуын ұлғайту. Тек сонда ғана қала әлемдік аренада бәсекеге қабілетті экономикалық өсудің жаңа моделіне ие болады. Біз инвесторлардың қызығушылығына сенеміз және бүгін мен сіздерді осы ауқымды жұмыстарды серіктестесе бірге атқаруға шақырамын, деді әкім.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір