• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:57:45
Алматы
+35°

Ақтөбеде полицейлердің ұсталған ер адамды ұрып-соғып жатқаны видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Видеода полицейлер ер адамды ПБ ғимаратына сүйреп кіргізгенін көруге болады. Еденде жатқан ер адамды бірнеше құқық қорғау органдары қызметкерлері тепкілей бастайды. Соққыға жығылған ер адам олардан қорғануға тырысып бағады, бірақ оған кісен кедергі келтірген. Жиналып қалған полицейдер металдетекторын қирата жаздайды - басқа полицейлер оны тіреп қалған. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның қалалық полиция бөлімінде болғанын айтады.

24 қарашада Ақтөбе облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 1-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  Оқиға қалалық полиция бөлімінің ғимаратында болған, онда 1992 және 1995 жылғы жігіттер бұзақылық әрекеттері үшін жеткізілген. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір