• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:24:17
+35°

Елбасының сөзіне қарағанда, «Нұр Отан» партиясы парламенттік сайлауға дайындықты бастап кетті. Осы тұста бірнеше сұрақ туындайды.
1. Егер сайлау мерзімінен бұрын өткізілетін болса, өз уақытында өтеді деген уәдесі қайда қалады?
2. Ал егер азаматтық сектордың атынан түсетін жаңа, тәуелсіз партияларды тіркеуден өткізбейтін болса, оның қазіргі Парламенттен еш айырмасы болмайды. Онда сайлау өткізудің не керегі бар?
3. Елбасының сөзіне сүйене отырып, олар «Нұр Отан» партиясының қоғамдық пікірдің барлық спектрін қамтитынына сенімді болып отыр.
Онда бір ғана партиясы бар парламент бізге не үшін қажет? Одан да «Нұр Отанға» заң шығару бастамашылығы мен заң қабылдау құқығын беріңіздер, осы үшін Парламентті ұстап тұрудың қажеті шамалы.

Мынадай өзгерістерсіз елімізде лайықты әрі әрекетке қабілетті Парламенттің болуы екіталай:
- биліктің заң шығарушы тармағы толығымен тәуелсіз болмайынша;
- Парламентте азаматтық сектор кемінде 35% дауысқа ие болмайынша;
- Парламентте кемінде үш тәуелсіз партия болмайынша.

Ал ол үшін жоқ дегенде үш заң шығару керек:
1. Митинг туралы заң.
2. Партия туралы заң.
3. Сайлау туралы заң.

Мұндай заңдар ашық талқыға салынбайынша, біз жаңа, әрекетке қабілетті Парламентті көре алмаймыз. Бұл туралы Тоқаевтың ҰҚСК-ның екінші басқосуында не айтатынын көрейік.

«Біз - бүкіл Қазақстан халқының партиясымыз. Еліміздің және халқымыздың болашағы үшін жауапты нақты істер партиясы. Біздің Қазақстан дамуына арналған айқын мақсаттарымыз бар", - деді өз сөзінде тұңғыш президент".

Марғұлан Сейсембайдың фейсбук парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір