• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:27:30
+35°

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Аслан Бақыткалиев грэплингтен өткен әлем чемпионатында қола медалді жеңіп алды. Әзербайжан астанасы Бакуде 8-9 қарашада ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында өтті.

Жас спортшы жасөспірімдер арасында 53 келіде бақ сынасып, екі кездесу өткізген.

  • Менің салмақ дәрежемде 10 спортшы болдық. Алғашқы кездесуде әзірбайжан спортшысы Гейдар Хагвердилиді (Heydar  HAGVERDILI) ұттым. Ал жартылай финалда ресейлік Темірлан Қараочевпен кездестім. Бірақ ұрыс мен үшін сәтсіз болды, - дейді Аслан.

Айта кету керек, Аслан грэплингпен өткен жылдан айналыса бастаған. Оның қызығушылығы «Lions Fight club» спортшылары өз мүмкіндіктерін теңіз жағалауында таныстырғаннан кейін пайда болған.

  • Бапкерім Ислам Долгатов ерекше қызығушылығымды байқап, жарыстарға дайындай бастады. Маған қолдау білдірген ата-анама, бапкеріме, мектебіме алғысым шексіз. Бұдан да биік белестерді бағындыруға тырысамын, - дейді қола жүлдегер.

Аталған жарысқа Қазақстаннан 120 спортшы аттанды. Оның 19-ы маңғыстаулық. Жалпы есеп бойынша маңғыстаулық боксшылар 3 алтын, 1 күміс, 6 қола медальмен оралды.

 111111111

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір