• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:00:17
Алматы
+35°

27 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының ұйғарымы бойынша Түркістан облысының Жетісай  ауданындағы төрт білім ордасына қазақтың ұлы тұлғаларының есімі берілді. Сонымен..

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясы
15.11.2019 жылы Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша шешімдер қабылдады:
1.Жетісай ауданы білім бөлімінің «№8 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Алпамыс батыр есімін беру;
2.Жетісай ауданы білім бөлімінің «№28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Хиуаз Доспанова есімін беру;
3. Жетісай ауданы білім бөлімінің «Г.Титов атындағы №54 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – Ілияс Есенберлин есіміне өзгерту;
4.Жетісай ауданы білім бөлімінің «А.Чехов атындағы №62 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – Кенесары хан есіміне өзгерту;

ономастика

Ерекше атап өтер жайт, Жетісай ауданына есімі белгілі кәсіпкер, меценат Бауыржан Оңғарбаев №8 білім ордасына Алпамыс батырдың есімін беруге байланысты көп еңбек сіңірді. Озат оқушыларға Алпамыс батыр атындағы стипендия тағайындады. Мектепті гүлдендіруге, көркейтуге атсалысты. Елбасының жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалін алған Бауыржан Оңғарбаев қазір де аудан көлемінде көп іске ұйытқы болып жүр. Алаш ардақтысы Сұлтанбек Қожановтың есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында ол ұлт үшін үлкен жұмыстар тындырды.

Енді міне екі жылдан астам уақыттан кейін  №8 мектепке Алпамыс батырдың есімі берілді. «Алпамыс батыр» атындағы республикалық қордың төрағасы ретінде  ол  әлі де талай ұлт үшін жасалатын ұлы істердің басы-қасында жүретініне біздің сеніміміз мол.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір