• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:06:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

26 Қараша, 2019 NEWS

"Нумерология – "соқыр сенімділік" пен жалған ғылым"

Нумерология – ежелден келе жатқан ғылымның бірі. Туған күн, ай, жылыңыздағы сандарды бір-біріне қосу арқылы жеке тұлғаның өзіне ғана тән мінез, мақсатқа ұмтылыс, күш-жігер сынды қабілеттерін анықтауға болады.

Нумерологтар сандар арқылы адамның болашағын айтып, мысалы, 40 не, 50 жаста адамның өзі білмейтін құпияларын сипаттауға болады деген ұстанымда.

Қызылды-жасылды әлемде жастардың көбі дерлік нумерологияға имандай сеніп, менің бақыт әкелер саным осы, сәттілік әкелетін түсім мынау, қаржы кодым мына сан деп шырмалаңға ілікті. Бақыттың бастауын нумерология санап жүрген жандардың қарасы күн санап артуда.

Нумерология туралы шариғат не дейді?

Дінтанушы Абдусамат Қасым:  "Нумерология – тылсым әлеммен байланысы бар эзотериялық (құпия) наным жүйесі. Мұны "сандармен бал ашу" деп атайды. Шариғатта пал ашу да, аштыруда харам. Әрбір әріп пен сандарда белгілі бір мәліметтер жасырылған деген сенімнің ғылыми негізі жоқ. Ол құр қиял мен соқыр сенімділік ғана. Қазіргі нумерология – "соқыр сенімділік пен жалған ғылым "лженаука".

Абдусамат Қасым

Ілім шариғатқа сай емес деген негіз бар. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің дұғасында "Илмән нафиған" яғни "Пайдалы ілім бере гөр" деп тілейтін. Осыларды ескерсек, мұсылман кісі "нумерология" секілді адамның дүние-ақыретіне еш пайдасы жоқ нәрселерге уақытын сарп етуден бойын аулық ұстаған жөн" – деп баға берді.

Айгүл Түзелбайқызы

Ал нумеролог-психолог Айгүл Түзелбайқызы: "Нумерологияны бал ашудың бір түрі деп жатады. Бұл – қате ұғым. Нумерология – ғылым. Маған кеңес алуға келген адамда 7, 8 сандар мүлдем жоқ болса, сіз Аллаға мүлдем сенбейді екенсіз, сіздің қателігіңіз осы жерде деп айтамын. Керсінше, сізге Құдайға, өз тағдырыңызға сену керек деп деймін. Өйткені, бізді де солай оқытқан. Нумерологияда атеист болмау керектігі айтылады. Демек, нумерология дінді қолдайды. Адамдармен жұмыс кезінде де осы қағиданы мен ұстанамын.

Бұл ғылым адамға адаспас үшін бағыт-бағдар ғана береді. Мінез-құлқына сипаттама жасауға көмек беріп, алда кездесетін қауіп-қатерден сақтануға септігін тигізеді" – дейді.

Маманның пікіріне ұстаз Қуат Қабдолла қарсы екенін айтты.

Оның айтуынша, нумерология шариғатта тыйым салынған. Болашақты Алла ғана біледі.

Сондай-ақ филолог Аманша Ниязова: "Тағдырды болжау мәселесіне өз басым қарсымын. Діни тұрғыда да бұл нәрсе құпталынбайтын ғылым. Адамға ақыл, кеңес, бағыт-бағдар беруге болады. Бірақ, тағдырын болжап емес" – деп пікірін білдірді.

Алла Тағала Құранның әз-Зарият сүресі, 55-аятында: "Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді" – деген.  Ендеше, ақ пен қараны ажыратуды оқырманның еншісіне қалдыруды жөн санадық.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір