• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:11:33
Алматы
+35°
 

Ертең, яғни 27 қарашада Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі аясында «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.e-gov.kz) арқылы өтініштер мен құжаттар қабылдайды, деп жазады басқарманың ресми  сайты.

Веб-портал арқылы құжаттарды өткізу үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінде  (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

Алматы қаласының Алатау ауданындағы «Саялы» шағынауданында сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін 6 пәтерлерді іске асыру жоспарлануда (бір бөлмелі – 4, үш бөлмелі – 2).

Бір шаршы метрді сатып алудың бағасы 120 000 теңгені құрайды.

Жас отбасыларға арналған тұрғын үйді алуға екі жыл некеде тұрған, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде) жас отбасы, сондай-ақ балаларының (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған, ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар үміткерлер бола алады.

Бағдарламаға Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұрған, басында үйі жоқ азаматтар қатыса алады.

Үміткерлер баллдық есептеу арқылы іріктеледі. Бірінші бала үшін – 20 балл, екінші және кейінгі әрбір бала үшін 30 балл, мүгедек немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл беріледі.

Бағдарламаның пулына қосу кезектілігі жинаған балдың санымен айқындалады. Балл тең болған кезде өтініш беруші жұбайының біреуі мемлекеттік қызметшіге не бюджеттiк ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне жататын отбасы басымдыққа ие болады.

Тұрғын үйін алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);

  2. өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

  3. өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

  4. неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

  5. өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

  6. жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

  7. өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;

  8. жалақы туралы анықтама;

  9. кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

  10. меншікті қаражат және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігі туралы өтініш;

  11. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар;

  12. өтініш берушінің және/немесе өтініш беруші жұбайының (зайыбының) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс орнынан анықтама;

  13. отбасы мүшесінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрін растайтын анықтама;

  14. өтініш берген күнге кемінде соңғы екі және одан көп жыл Алматы немесе Астана қалаларында тұру фактісін растайтын құжат;

  15. өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) «кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар» мәртебесін растауына арналған құжаттар;

  16. Тұрғын үй құрылысының 2005 – 2007 жылдарға және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде «жас отбасы» санаты бойынша өтініш берілетін орын бойынша қатысу туралы және белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде салынған үйде тұрғын үй алушылардың тиісті тізіміне енгізілмегені туралы мәліметтер;

  17. тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қорытынды және тиісті ЖАО-ның шешімі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір