• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:58:36
Алматы
+35°

Ұлыбританияның Эссекс графтығында қайтыс болған 39 ветьнамдыққа қатысты тың деректер пайда болды. Жергілікті полиция қызметкерлері қаза тапқандардың суреті мен туыстарына жазған хатын жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі dailymail.co.uk сайтының дерегін негізге алып.  

Фам Тха Тра сол күні өзінің анасына жүрек елжіретерлік хат жазған. 

"Анашым, кешір мені. Менің шетелге саяхатым сәтті аяқталмады. Сені де, әкемді де қатты-қатты жақсы көремін. Мен өлейін деп жатырмын. Бұл менің соңғы демім секілді. Өйткені дем алу мүмкін емес", - деп жазған анасына. 

Отбасы қызының Ұлыбританияға бару үшін 30 мың фунт стерлинг төлегенін және ол жаңа өмір бастағысы келгенін айтқан. 

паир

Сондай-ақ 20 жастағы Нгуен Динь Луон да қаза тапқандардың қатарында болуы мүмкін. Ол да өлер алдында отбасынан кешірім сұрап хат жазды. 

Еске салайық, 23 қазанда Эссекс графтығының полициясы Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның мәйітін тапты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір