• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:34:28
Алматы
+35°

Британияның тәртіп сақшылары 39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында "абайсызда өлтірді" деген күдікпен тағы бір ер адамды ұстады, деп Эссекс графтығының полициясы хабарлайды.

ria.ru -дың мәлімдеуінше, дүйсенбі күні Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғыны құрықталған.

"39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдап, көші-қонды жүзеге асыру мақсатында сөз байласты деген күдікпен ер азамат ұсталды", – деп  полиция мәлімдеме жасады.

Одан өзге құқық қорғаушылардың ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда күдікті жауап алу үшін қамауға алынды.

Бастапқыда олар Қытай азаматтары деген болжам жасалды. Кейіннен марқұмдардың вьетнамдықтар екені анықталды.

Тәртіп сақшылары бірнеше адамды ұстады. Олардың қатарында жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік Ирландияның 25 жастағы Морис Робинсон есімді азаматы бар.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір