• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:44:52
Алматы
+35°

Биылғы тіркеу науқаны кезінде 9 мың алматылық тұрғын емхана таңдау құқығын пайдаланды. Бұл туралы бүгін арнайы брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, тіркеу науқанына қатысқан азаматтар саны былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір қысқарған. Бұған аталған кампанияның электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Egov электронды үкімет порталы арқылы жүргізілуі себеп. Оның үстіне, соңғы кезде тұрғылықты жеріндегі емдеу мекемесінің қызметін пайдаланатын тұрғындар саны жыл санап артып келеді.

– Соңғы жылдары халық арасында, медицина ұйымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көп жүргізілді. Бұған емхана ауыстырушылар санының күрт төмендеуі дәлел болса керек. Мысалы, жақын маңдағы емхана арқылы үйге дәрігер шақыртуға ыңғайлы. Оған қоса, қазір жедел болмаса, 4 санаттағы шақыртулардың бәріне жергілікті емхана бригадалары қызмет көрсетеді, –  деді филиал директоры.       

Биылғы тіркеу науқанына Алматы қаласынан 77 медицина ұйымы қатысты. Оның 38-і жекеменшік клиникалар. Бұл жеке бизнестің мемлекеттік тапсырысты орындауға деген құлшынысының артып отырғанын білдіреді.

Естеріңізге сала кетсек, тіркеу науқаны қыркүйектің 15-інде басталып, 15 қарашада аяқталған болатын. Бірақ таңдау жасап үлгермеген азаматтар емхананы басқа уақытта да ауыстыра алады. Атап айтқанда, басқа жерге қоныс аударғанда, емхана қайта ұйымдастырылғанда немесе Медициналық сақтандыру қорымен келісімшартты бұзған жағдайда да басқа емханаға тіркелуге болады. Сонымен қатар, әр тұрғынның емхананы жылына бір рет еркін таңдау құқығы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір