• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:39:30
+35°

Алматыда ақын, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың атына берілген көшенің ресми түрде ашылуы өтті. Поэзия падишасының құрметіне Алатау ауданындағы ұзындығы 4 шақырымнан асатын бұрынғы Ақсай көшесі берілді.

Шараға ақынның жерлестері, ақын-жазушылар мен туыстары, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Жиналғандар Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктермен бөлісті.

Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ақынның 80 жылдық мерейтойына арналған шараларға тоқала келе, Атырауда алып ескерткіштің бой көтергенін, елордада көше ашылғанын атап өтті.

– Дәл сол секілді мерейлі белесіне орай Алматы қаласында да дәл сондай шараның бір куәсі болып отырмыз. Осы бір ауыздан осы Фариза апамызға көше берілер кезде бұл барлық деңгейлерде елдің мойындағандығын көрсетті,  – деді Мамай Ахетов.

– Көшеге Фаризаның атын беру – барша қазақ қыздарына, ақын қыздарына көрсетілген сый-құрмет. Енді біздің ақындарымыз көп болғанымен, оның ішінде нағыз ақындар саусақпен санарлықтай ғой. Міне, соған қарағанда Фаризаның орны ерекше. Арамызда Фариза жоқ. Әлі күнге шейін осы өлімге қимайтын адамдарың болады ғой. Маған ол бір телефон соғатын сияқты көрінеді де тұрады, – деді жазушы, драматург Дулат Исабеков.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір