• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 14:53:44
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

26 Қараша, 2019 NEWS

Ерлан Төлеутай: Ұлттық буржуазия болмай, партия құрам деу – далбаса!

Белгілі өнертанушы, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай саясат пен билік, жаңа партиялардың құрылуы туралы "Qajet" ютуб каналына берген сұхбатында тілге тиек етті, – деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында өнертанушы "Ешқандай партияға мүше емеспін!" деп бүгінгі саяси ахуал, мәдениет, ұлттық өнер жайлы көптің көкейінде жүрген мәселені көтерді.

"Жастау кезімде партия құрам деуші біраз азаматтармен араластым. Бұлардың барлығы ойын екен. Мен өткенде "Егер ұлттық буржуазия болса" деген тақырыпта мақала жазып, өз ойымды айттым. Бізде ұлттық буржуазия болмай, партия құрам деу –  далбаса тірлік! Өйткені, партия құрам деп жүрген жігіттердің ешқайсысының қалтасында көк тиын ақшасы жоқ. Ал партия деген сенің есебіңде ақша болмаса, алға жылжымайды.

Асанқайғы, Бұқар жыраулардың  "Қанша шешен болса да, дауға салма малсызды" деген сөзі бар ғой. Мыналар – малсыздар. Бұлардың малы жоқ, қалай партия құрады?  Партия құратын, ел билейтін адамның маңдайы жарқырап тұрады. Бір партияны алып шығатын адамның тұлғасынан белгілі болып тұрады. Біз ондай керемет тұлға көрген жоқпыз. Кезінде елдің бәрі Қосановты біздің көсеміміз, елді алға алып шығады деп ойлады. Бұқараның балалық ауруы әлі тарқаған жоқ. Біздің саяси процестер әлі балаң күйде жүр. Кім шықса болды, сол – көсем. Біреу жақсы сөз айтып жіберсінші, халық соның соңынан ереді.

"Әй, халқым, мен билікке қарсымын!" десе болды, соның соңынан жүгіреді. Мәселе олай шешілмейді ғой. Саясатта парасат пен парасатты тұлға болуы керек. Қосановтың саяси күрескер болып жарытпайтыны көзінде тұрды. Сол кезде мына кісі аяғына дейін бармайды, ертең көресіңдер деп айтқанымда, бәрі мені халық жауы санады. Ұлттың қайраткерін танитын ұлттық инстинктер өліп қалған. Халықтық-ұлттық саясаткерлер жоқ. Ұлттық буржуазия болмай, ұлттық партия құрылмайды. Сондықтан осындай шөре-шөре партиялар жүре береді. Билікке рахат, олармен күресу оңай, жеңіске жете салады", –  деп азаматтық пікірін ашық білдірді.

Одан өзге Ерлан Төлеутай  билік пен саясатқа 30-40 жастағы азаматтардың келгені дұрыс деген ойын білдірді.

"Қазір мәдениетке көмектесіп жатқан байшыкешті табасыз ба, жоқ. Олардың өз ұлтына жаны ашымайды. Жаны ашымаған олар, ұлттық партияға ақша салып қайтеді!? Қоғам тәуелсіздіктің балалық аурынан әлі айықпаған. Енді жаңа толқын келуі керек. 50-60-70-ке келгендер жылы жауып қою керек. Ендігі үміт 30-40 жастағыларда. Олар дүниені өзгертеді. Бізден түк шықпайды. Біздің буын, бізден үлкен буын 30 жылда әбден тозды, сарқылды. Түк істей алмадық", – деп сөзін түйіндеді..

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір