• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:07:09
Алматы
+35°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкiмi Бақытжан Сағынтаевтың Алатау ауданы тұрғындарымен болған кездесуiне қатысып, онда талқыланған әр қазақ ата жұртындай көретiн Алматы қаласының болашағын болжайтын «Алматы-2050» бағдарламасы бойынша келешекте жүзеге асырылатын үлкен жұмыстар туралы естiп, көңiлiм өстi.

Егер де осы бағдарлама негiзiнде жүйелi түрде жұмыстар жүргiзiлсе, Алматының жаңа келбетi шынымен шырайлана түсерi анық. Алматы үлкен қала, ал үлкен қаланың тiршiлiгi ешқашан тоқтамайды, ұсақ-түйек жұмысы көп, соған қарамастан, алып қала үшiн алып жоспар жасаған қала басшылығына мың да бiр рахмет. Бағдарламадағы қала тұрғындарын әлеуметтiк қорғау, шет аймағы жоқ қала, сапалы қалалық ортаны қалыптастыру, тең мүмкiндiктер қаласы деген бағыттары көңiлiмнен шықты.

Қала басшысы айтқандай, болашақта Алматы шын мәнiндегi келер ұрпақтың нұрлы қаласы болатынына сене отырып, осы орайда ойымда жүрген бiр ұсынысым ретiнде жастар үшiн үлкен бiр мәдени-спорттық орталық ашылса деген ойымды айтқым келедi. Оқушылар үйi балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қызмет атқарса, бiз жастарды да естен шығармауымыз керек.

Аққайша Баймәдиева,

«Құрмет белгiсi» орденiнiң иегерi, Батыр ана

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір