• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:05:28
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын тексеруді жалғастыруда, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

"Бүгінгі таңда бағалау жүйесінің тізбесіне енген 13 университет тексерілді. Олардың бесеуінде бұған дейінгі ескертулер жойылмағандықтан, бес университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды", – деп Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жазды.

Сондай-ақ Министр 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, бір университет бойынша іс сотқа жіберілгенін айтты.

"Жыл соңына дейін тағы 12 жоғарғы оқу орны бойынша бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексеруді жоспарлап отырмыз. Бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, лицензиядан айыру және жоғары оқу орнын жабу үшін құжаттар сотқа жіберіледі", – деп толықтырды Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, премьер-министрдің өкіміне сәйкес үкімет жанынан жоғары оқу орындарын оңтайландыру комиссиясы құрылған.

"Бүгінде көп бейінді университеттің барлығы мұғалімдерді даярлайды. Алайда олардың сапасы сын көтермейтіндіктен, қойылатын талаптарды күшейту арқылы мұғалімдерді даярлайтын жоғарғы оқу орны санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр", – деді білім министрі.

"Сондықтан министрлік осындай жағдайлар мен жауапкершілігі төмен жоғарғы оқу орны қатысты қатаң саясат жүргізуде. Әлбетте, бұл шаралар барлығына бірдей ұнамай бермейтіні анық. Дегенмен Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, министрлік жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету саясатын одан әрі жалғастырады", – деп білім және ғылым министрі сөзін түйіндеді.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір