• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:38:07
Алматы
+35°

Жаңадан келген басшының жаңалығымен келетiнi белгiлi. Соның бiр айғағы – Алматыны дамытуға арналған «Алматы – 2050» стратегиясының жобасы дер едiм.

Бұл жоба асыққа құйған қорғасындай болып көңіліме қона кеттi. Өйткенi, қала басшысы бұған дейiн өзінің алғашқы кездесуiн Жазушылар одағынан бастап, көңілімізге бiр үмiттi ұялатқан едi. Сол жолғы кездесуде әкiм жазушылардың кiтаптарын оқитын кiтапханалар ашамыз, сол жерде оқырмандар кiтап оқып, шәй iшiп отырады деген едi.

Мiне, осылай қала басшысының мәдениетке бiрден ден қойғаны баршамызды бiр қуантты. Қала әкiмi Бақытжан Сағынтаевтың стратег басшы екендiгiн оның бiр сөзiндегi тұрғындар санын 5 млн-ға жеткiземiз дегенiнен де аңғаруға болады.

Сонымен қатар, Мұстай Керiмге көше атауын берiп, Ш.Мұртаза, Ш.Қалдаяқовтардың есiмдерiн жаңғыртуының өзi неге тұрады. Бұрындары қайтыс болған адамның есiмiн беру үшiн бес жыл өтуi керек деген бiр қатып қалған қағида бар едi. Шаһар басшысы сол үрдiстi бұзып, «қашанғы қағазға қарап отырамыз» деп, бiрталай iс-шараны қолға алып жатыр. «Алматы – 2050» стратегиясында да алдағы болашаққа батыл қадам жасалған. «Өмiрдегi өзектi нәрсенiң бәрi мәдениетпен байланысты» дейдi ұлылар. Сондықтан осынау қыруар iстi қолға алып жатқан қала әкiмiне үлкен қаланың проблемасы да үлкен болады, тек шаршамай, жұмысыңыз оң болсын дегiм келедi.

Бiз де өз тарапымыздан қолдан келген барлық мүмкiндiктердi аянып қалмаймыз.

Сәбит Досанов,

Жазушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір