• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:00:13
Алматы
+35°

ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы аясында облыс тұрғындарын қабылдады. Аймақ басшысына жеке шағымдарымен 31 азаматтың арызы түсіп, барлығына толыққанды жауап берілді.

Түскен сауалдардың басым бөлігі денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін қамтыды. Әсіресе, Өскемен, Семей қаласынан келген азаматтар аймақ басшысына тұрғын үй кезегін ілгерлету, жалдамалы пәтер беру туралы өтініштерін жеткізді.

 – Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті. Біз барлығын ережеге сәйкес арнайы жұмыс тобынының шешімімен шешетін боламыз. Әрине, бұл санаттағы азаматтар баспанамен ең бірінші кезекте қамтылады. Бірақ барлығы заңға сәйкес жүргізіледі, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Семей қаласының тұрғыны Назгүл Чакенованың мемлекеттен есту қабілеті нашар азаматтарға берілетін тегін құрылғының сапасына қатысты сұрақтың маңыздылығына тоқталып өтті. Арызданушының айтуынша он жасар баласына өзінің диагнозы бойынша арнайы заманауи 16 каналды есту аппараты қажет. Мәселені облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысына тікелей зерттеу жүктелді.

– Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың денсаулығы әрдайым алдыңғы кезекте. Жалпы, 2019 жылы күтімді қажет ететін азаматтарға 200 есту аппараттарымен қамтылды. Бұл баланың диагнозын ескере отырып, қажетті аппаратты алуға тапсырма беремін, – деді Даниал Ахметов.

Жалпыға ортақ мәселені көтере келген азаматтар ішінде облыс орталығындағы Есенберлин 23 үйдің тұрғыны да болды. Оның айтуынша, мердігер мекеме «ВКтехногрупп» 9 үйдің қабырғаларын әлі күнге дейін қаптамаған. Сапасыз жасаған жұмыстардың салдарынан үй қабырғаларын қаптауы тиіс компания істі бір жарым жыл бойы ұзынсонарға салып келеді. Нәтижесінде, пәтер ішіне жаңбырлы күні су кіріп, қыс бойы аяз қарып келеді. Аймақ басшысы мердігер компания мен облыстық құрылыс басқармасы басшысына тезарада жөндеу жүргізіп, 9 үйдің сыртын қаптауды тапсырды.

а

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір