• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:54:17
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде биыл Алатау ауданында 3400 жаңа жұмыс орны құрылғаны айтылды. Оның ішінде Индустриалды аймақта 7 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 1500 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлікті жаңа бастағандарды оқытуға және еңбекпен қамтуға ерекше назар аударылған.

«Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша Алатау ауданында 474 адам дәріс алды, олардың 108-і көпбалалы аналар, 267 адам оқуларын жалғастыруда, олардың 85-і көпбалалы аналар. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 260 адам оқуын аяқтады. «Іскер ана» бағдарламасы бойынша 17 көпбалалы ана өздерінің жеке істерін ашты.

«Алматы-шетсіз қала» және «Алматы Бизнес-2025» бағдарламалары бойынша «Алматы» ӘКК құрылымдық бөлімшелері ауданның шағын кәсіпорындарына 1,1 млрд. теңгеден астам несие беру жөнінде жұмыстар жүргізуде. Мұнда пайыздық мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. Бұдан өзге аудан кәсіпкерлеріне микронесиелер түрінде 47 млн. теңге бөлу мәселесі қарастырылуда.

Полиция жұмысының жаңа сервистік үлгісі бойынша қалада полицияның 22 модульді постысы ашылды, оның екеуі Алатау ауданында. Аудан тұрғындарының өтініші бойынша бағдаршамдар мен тыйым салатын жол белгілерін орнату, бағдаршамдар жұмысын реттеу бойынша бірқатар шаралар іске асты.

Жүргізуші тәртібін күшейту мақсатында көшелердің бес бұрылыстары мен 24 учаскесіне «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір