• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:40:11
+35°

Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сапарбаев білім, денсаулық, АӘК, бизнес, әлеуметтік медициналық сақтандыру салаларына бөлінген қаржылар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы толығырақ түсіндірді.

"Егемендік алғалы елдің ұстанып келе жатқан саясаты –  халықтың әл-ауқатын жақсарту. Соған байланысты түкпір-түкпірінде кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болып, балабақша мен мектептердің саны көбеюде. Өздеріңіз естіп жатқан боларсыздар, "Халық денсаулығы туралы" Кодекстің жобасы Парламенттің қарауына жіберілді. Соған сәйкес, алдағы жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастайды. Қазіргі қолданыстағы жүйе бойынша тегін көрсетілетін қызметтер сол қалпы сақталып қалады. Сақтандыру жүйесі қосымша қызметтерді қамтиды. Жаңа жүйе бойынша халықты дәрі-дәрмекпен қамту, медициналық оңалту қызметтері жетіле түседі. Сондай-ақ 2025 жылға дейін барлық елді мекендерде ең кемінде медициналық бекет немесе емхана болуы тиіс. Мұнан бөлек, апатты жағдайдағы барлық медициналық мекемелер жөнделеді әрі олардың материалдық-техникалық базасы халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі. Баспана алу үшін 10-15 жыл кезекте тұрудың қажеті жоқ. "Нұрлы жер", "7-20-25" мемлекеттік бағдарламалар арқылы пәтер кілтін иеленуге болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбектеніп, лайықты өмір сүремін дегендер үшін барлық жағдай жасалып жатыр», –  деді ол.

Сапарбаев кездесу

Премьер-Министрінің орынбасарының айтуынша, үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі –  экономика қарқынын төмендетпеу.

Сондай-ақ кездесу барысында Сапарбаев білім саласына қатысты өзгерістергеде  тоқталды.

"2020 жылы ұстаздардың жалақысы 30 пайызға көтеріледі. Сонымен қатар, қазір 3 ауысымды мектептер мен апаттық жағдайда деп танылған оқу ошақтарының проблемаларын шешуге көңіл бөлініп жатыр. Соңғы уақытта жоғары білім сапасы ақсап барады. Ел бойынша 132 университет бар. Бірақ, барлығы бірдей білікті кадрларды даярлай алмай жатыр. Үкімет комиссиясы осы бағытта қыруар шаруа атқаруда. Жүктелген міндетті орындай алмайтын университеттер мен колледждер қысқартылуы мүмкін", -– деп Премьер-Министрінің орынбасары сөзін түйіндеді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір