• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:57:45
Алматы
+35°

Қазақстан ұлттық арнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында продюсер, журналист Жангелді Таңатбекұлы «30 жасқа дейін үй алмаған қазақ суырдан төмен» деп мәлімдеме жасаған бизнес-тренер Ахметбек Нұрсиланы тікелей эфирде қатты сынға алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ахметбек Нұрсиланың бұл сөзі көпшіліктің қызу талқысына түсіп, жұрттың наразылығын тудырған. Журналист Асхат Садырбайға берген шулы сұхбатында бизнес-тренер: «Біздің елде үйсіз кәріс, не орыс жоқ. Баспанасыз тек қазақтар» деген пікіріне Жангелді Таңатбекұлы: «Қазақтан жексұрын жасауды қою керек. Әрине сіз үйсіз кәріспен орысты көрмейсіз, себебі бұл Қазақстан. Мұнда қазақ көп, сіз Ресейден үйсіз қазақ іздемейсіз ғой, мына ісіңіз шөп арасынан ине іздегенмен бірдей",-деп жауап берді.

Журналист бизнес-тренердің бұл сөзін жігерлендіру емес, жер ету, ұлттың намысына тию екенін атап өтті.

Сондай-ақ, журналист бағдарлама барысында қазақты жалқау деп сөккен Омар Жәлелге де шүйлікті. Оның пікірінше, қазақтың тек жаман тұстарын көріп, оны бетіне басып, кері тарта бергенді қою керек. Бағдарлама барысында Абайтанушының сөзінен қайтып, журналисттің пікірін мақұлдағаны байқалды.

Дау тудырған бағдарламаның бұл жолғы шығарылымы қаржылық сауаттылық тақырыбында өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір