• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:28:03
Алматы
+35°

Түркістан облысында тұрғынның арызынан кейін аудандық аурухана дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды,  ktk телеарнасына сілтеме жасап.

27 жастағы Дана үшінші балаға аяғы ауыр екенін білгенде түсік жасатпақ болған. Өйткені, екі баласын кесар тілігін жасату арқылы босанған. Ал үшіншісін дүниеге әкелу денсаулығына қауіпті болған. 

Гинеколог оған түсік тастайтын дәріні 8 мың теңгеге сатып, екі күн өткен соң қайта келу керек екенін айтқан. Келіншектің айтуынша, қолындағы екі баламен барғанда, дәрігер ескертпестен аборт жасаған.

"Қатты ауырды, мен жыладым. Сонда да "шыда" деп, 15 минуттай тазалады. Санитаркалар мен қимылдамасын деп ұстап тұрды. Балаларым жылап қасымда болды", – дейді Дана Құршанбекова.

Жатыры мен ішегін жыртқан соң да дәрігер әйелді үйіне қайтарып жіберген.

Дананың іші шыдатпай ауырып, 3 күнде 3 рет жедел жәрдеммен ауруханаға барған. Кейін 8 сағат бойы ота жасап, жатырын алып тастады.

Қазір әйелдің ішегі сыртында жүр. Түтікшелер орнатылған. Дананың айтуынша, дәрігерлер денсаулығын ғана емес, тексерушілерге көрсететін мәліметтерді де бүлдірген.

"Жалған мәлімет жазып қойған. Жүкті болғанымды, түсік жасағанын жазбаған. Менде оны дәлелдейтін УЗИ қағаз бар", – дейді келіншек.

Аталмыш оқиғадан кейін дәрігер өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Дананың туыстары төрт жарым ай бұрын құзырлы органдарға арыз берген.

"Іс қылмыстық кодекстің 317-бабы (медицина және фармацевтика жұмыскерінің тәртіптік міндетін тиісті орындамау) бойынша тексеріліп, қылмыстық іс қозғалған. Қазір қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды", – деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тексеру жүргізіп, Асық ата ауруханасының бірқатар қызметкері сөгіс алған.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір