• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 08:56:35
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қараша, 2019 NEWS

Иманғали Тасмағамбетов: Бұл – орны толмас қайғы...

20 қарашада Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған және Ресей Федерациясының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік наградалар бөлімі елшілікке тапсырған Ауғанстандағы соғыс ардагерлеріне «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік қызметі үшін» марапаттарын тапсыру салатанаты өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі елшіліктің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

«Адамзат тарихында кез-келген соғыс – үлкен қасірет. Бұл орны толмас қайғы, бірақ, сонымен бірге әр соғыста батырлық, батылдық пен ерлікке орын бар. Бүгін бұл марапат өз қаһармандарын тапты», - деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып.

аув

Бүгін Бауыржан Мұхаметжаров осы күнге жете алмаған атасы Қайырболатқа тиісті награданы алды.

«Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің, Ауғанстан ардагерлерінің одағының күшімен біз көптен күткен марапатқа ие болдық. Бұл бірлесе атқарған жұамыстардың жемісі. Енді бұл медаль біздің отбасымыз үшін қастерлі болады. Әкемді көрмедім, бірақ оның ерлігі маған әрқашан үлгі болды. Мен оны мақтан тұтамын », - деді Бауыржан өз эмоциясымен бөлісіп.

ке

Марапаттау рәсіміне Кеңес Одағының Батыры, Ингушетияның тұңғыш президенті генерал-лейтенант Руслан Аушев қатысты. Ол көптеген жылдар бойы Ауған соғысының шындығы ұмытылмауы үшін көптеген жылдар бойы аянбай еңбек етіп келеді.

ипав

Рәсімге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстандағы Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, сонымен қатар Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Шара барысында қазақстандық ардагерлер «Белгісіз солдат қабіріне» гүл шоқтарын қойды, Жеңіс музейлерін аралап, қарулас серіктерімен кездесті.

кцр

Бүгін Александр Кашин, Берікбол Кулов, Көшкелді Омаров, Талғат Сахов, Жұмахан Шоңғараев, Әлім Жұматаев, Бауыржан Мұхаметжаров тиесілі марапаттарын қабылдап алды.

Сонымен қатар, Мәскеуге сапар барысында бірнеше қазақстандық ардагерге емдеу шаралары ұйымдастырылды.  Осы қолдаудың арқасында олардың көру қабілеті жақсарды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір