• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:42:19
Алматы
+35°

Аталмыш фильмді көрермендер еліміздің барлық кинотеатрларынан 21 қарашадан бастап орыс және қазақ тілдерінде көру алады. Ол тарихи  оқиғаларға негізделген.

Мұнда ҚР әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында, 1995 жылы көктемде бастарынан өткерген оқиға баяндалады. 7 сәуір күні  Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылының от пен оқтың құрсауына түсіп қалады.

Бұл ұрыста 17 әскери қызметші оққа ұшып, 33 адам жарақат алған еді. Ауған жағынан шабуыл жасаған Тәжікстандағы заңсыз оппозицияның содырлары бір сағаттың ішінде Тәжікстан аумағына өтіп кетуді жоспарлаған болатын. Бірақ оларға қарсы шабуылдың өте күшті болғандығынан, бес сағаттық қарулы қақтығыстан кейін кері шегінуге мәжбүр болған.

Бұл оқиға Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің тарихындағы ең қайғылы оқиға болып қалады. Қаза болғандардың бесеуі екінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Қаза тапқан сарбаздардың көпшілігі Шымкент қаласының 6506 әскери бөлімінде болған.

Фильмнің продюсері - Данияр Ибрагимов, ал идея авторы - ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов.

Фильмнің түсірілімі Алматы облысы, Іле өзенінің жағасында өтті.

Алдағы уақытта фильм 10 сериядан тұратын сериал түрінде түсіріледі. Фильмнің телевизиялық нұсқасы "Qazaqstan" телеарнасында келесі жылдың 7 сәуірінен бастап, қарулы қақтығыстың  25 жылдығына орай көрсетіледі.

а

а

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір