• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:57:48
Алматы
+35°

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы соңғы кездері басы даудан арыла алмай жүрген білім және ғылым министрлігіне шүйлікті – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, sputnik -ке сілтеме жасап.

"Білім және ғылым министрлігі – ықылым заманнан бері киелі орта, қасиетті орта. Алайда, өкінішке қарай, соңғы кезде министрлік білім және ғылым салаларының алдында тұрған үлкен міндеттерді шешудің орнына өзара қақтығыстардың объектісіне айналған сияқты", – деді сенатор вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатордың сауалына бір ай бұрын білім және ғылым министрлігі әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекованың Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университетінің ректоры болып тағайындалуы себеп болды.

Депутаттың мәлімдеуінше, Қайырбекова департаментті басқарған жылдары оған қатысты 16 іс қаралған.

"Барлық шағым мен заңды бұзу процестері қазіргі уақытта аяқталды ма? Немесе шағымдар қазіргі күнге дейін сотта қаралып жатыр ма, әлде бұл адам толық ақталды ма? Жоғарыда баяндалған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге қарамастан, мұндай тұлғаны университеттің басшылық лауазымына тағайындау қаншалықты заңды және қаншалықты әдеп нормаларына сәйкес келеді?", –  дейді Бақтиярұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір