• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:03:50
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қараша, 2019 NEWS

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға маңызды мәлімдеме жасады (видео)

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына Алматы – 2050 стратегиясы жобасын әзірлеуге қатысуға шақырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады. 60 беттен тұратын аталмыш құжат желтоқсан айында жарияланатын болады. Құжатта Алматы мен қала тұрғындарының күнделікті мәселелері қамтылады. 

"Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын. Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуы тиіс. Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланады. Мұнда сіздер пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Бәріміз бірлесе жұмыс істейік!",  деп жазды Алматы қаласының әкімі.

Қала тұрғындарының ұсыныстары мына сайтқа пікір ретінде қабылданады.

2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында 7 стратегиялық басымдық қамтылған:

1. Шетсіз қала;

2. «Ақылды» қала;

3. Тең мүмкіндіктер қаласы;

4. Қауіпсіз қала;

5. Жасыл қала;

6. Жаһандық іскерлік орталық;

7. Мәдени креативті қала.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

21.11.2019 Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын. Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуы тиіс. Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланады. Мұнда сіздер пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Бәріміз бірлесе жұмыс істейік!

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір