• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:45:49
Алматы
+35°

Мұрат Өскінбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай Ақтауда "Күйге кенен жыр-сандық"  кеші өтті. Шарада Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен түрлі шығармалар орындалды.

Мұрат Өскінбаев - сыпырадан қалған жыршы, күйші.  Адайдың жеті  қайқысының ізін жалғастырушы.  Халық арасында осылай танылған өнерпаз 300-ге жуық күйдің авторы. Кеште  "Күй қонып, кие дарыған әулет" жинақ  кітабының тұсаукесері өтті. Авторы - музыка зертетушісі Айтберген Жаңбыршы.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев  қазақ күй өнерінің белгілі өкілі- Мұрат Өскінбаевты түркілік музыканың білгір орындаушысы болған феноменге теңеді. kuy

-¤ ¤Өзі шебер шертетін аңыз күйлеріндей тағдыры талайлы тұлға. Осынау тар жол, тайғақ кешуде басын аман сақтап, дем берген алапат күш - халықтың аманаты. Сол аманатқа қылау түсірмей, кейінгі ұрпаққа жеткізді. Өнерпаз өз қолтаңбасын қалдырды, дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Қаныбек Жұмашев.

 ¤Кеште өлкеге танымал өнерпаздар Сержан Шәкірат, Роза Айдарбаева күй төгілтіп,  Оспан Құлсымақ, Темірбек Асқанбаев әннен шашу шашып, көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Сондай-ақ, әке жолын жалғастырушы  Әзірбай Өскінбаев та өз өнерін ортаға салды.

-¤¤Бүгінгі кеш өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Мұның ерекшелігі, әкеміздің күй өнерімен дәріптеліп келсе, кеште Өскінбайдан бастап, жыры, термелері, әндері, бір сөзбен бүкіл шығармаларының бәрі орындалып жатыр. Өте ризамыз. Рухани жаңғыруға келетін болсақ, біздің рухымыз - күйде, домбырада жатыр, дейді Мұрат Өскінбаевтың ұлы Әзірбай Өскінбаев.

 ¤Кеш соңында 2 жылда бір рет ұйымдастырылатын Мұрат Өскінбаев атындағы халықаралық  байқаудың жеңімпаздары өнер көрсетті. kuy

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір